Текст
«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында жалпыұлттық идеяны жүзеге асыру жағдайында бірінші тоқсан Республика күніне арналған «Ақындар айтысы».
Ақындар айтысының басты мақсаты: қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде айтысты жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне деген құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау.
Осыған орай
Жақсы ауданының музыка мектепінде бүгін Ақындар айтысы өткізілді.